Ержан Шынкеев – «Әлем барысы-2017» турнирінің қола жүлдегері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Шынкеев – «Әлем барысы-2017» турнирінің қола жүлдегері

08.09.2017

Ержан Шынкеев «Әлем барысы-2017» турнирінің қола жүлдесі үшін белдесуге Моңғолия елінен келген балуан Серік Бердімұратовпен шықты. Серік Бердімұратов  - 2014 жылғы «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы.

Тартысты белдесудің қорытындысы бойынша Ержан Шынкеев «Әлем барысының» қола жүлдегері атанды.

Айта кетерлігі, алтын белдікке ие болған балуанға 15 миллион теңге, күміс белдік иегеріне 5 миллион теңге, қола белдік алғанға 3 миллион теңге жүлде белгіленген. 

Турнирдің бас жүлдесін қазақстандық балуан Айбек Нұғымаров алса, күміс жүлде грузиялық Гурам Тушишвилиге бұйырды. 

Хабарламаларға жазылу