«Әлем барысы» турнирінің жеңісті сәттерінен фоторепортаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем барысы» турнирінің жеңісті сәттерінен фоторепортаж

08.09.2017
«Әлем барысы» турнирінің жеңісті сәттерінен фоторепортаж

«Әлем барысы» додасының финалында қазақстандық Айбек Нұғымаров грузиялық Гурам Тушишвили кездесті. Тартысты белдесуде жерлесіміз грузиялықты таза жеңіп, жеңіске ие болды.

Ал, грузиялық балуан екінші орынды иемденсе, белдесудің қола жүлдесі қазақстандық Ержан Шынкеевке бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік,  Айбек Нұғымаров 2014 жылғы «Әлем барысы» турнирінің күміс жүлдегері. 2013 жылғы «Қазақстан барысының» жеңімпазы және 2012 жылғы қола жүлдегері.

«Әлем барысы» балуандар турнирі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Қазақ күресінен өткен бұл Әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетті. 

Хабарламаларға жазылу