Айбек Нұғымаров 1/16 финалда польшалық Петр Томаш Талачты жеңді

08.09.2017

Айбек Нұғымаровтың 1/16 финалдағы қарсыласы – польшалық Петр Томаш Талач. Дзюдодан Польша чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы. Алматыда өткен «Еуразия барысы» турнирінің қатысушысы.

Бірінші айналымда 1 минут 13 секундта қырғызстандық Айбек Касманбетовты таза жеңген болатын.  

Айбек Нұғымаров 2014 жылғы «Әлем барысы» турнирінің күміс жүлдегері. 2013 жылғы «Қазақстан барысының» жеңімпазы және 2012 жылғы қола жүлдегері.

Бұл белдесуде 2 минут 15 секундта Айбек Нұғымаров таза жеңіске жетті.

Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу