32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) бразилиялық боксшы Робсон Ассипен (16-3-0, 9 КО) өтетін кездесуге дайындық жұмыстарын өткізіп жатыр. Осы орайда Vesti.kz назарларыңыздан отандасымыздың дайындығынан фототоптама ұсынып отыр.
Қазақстандық бокс дайындығын Флорида штатында өткізіп жатыр. Қанат Исламның күні 20 шақырымға жүгірумен басталып, залдағы жаттығуларымен аяқталады. Залдаңы жаттығу жұмыстарын отандасымыз 3 сағаттай істейді. Қанаттың жаттығуларын Нельсон Лопес қадағалауда.
Айта кетейік, келесі кездесуін бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 32 жастағы отандасымыз 17 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) бразилиялық Робсок Ассиспен жұдырықтасады.