Сауль Ньигестің голы «Атлетикоға» жеңіс әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауль Ньигестің голы «Атлетикоға» жеңіс әкелді

17.12.2016
Сауль Ньигестің голы «Атлетикоға» жеңіс әкелді

Футболдан Испания чемпионатының 16-туры аясында мадридтік «Атлетико» өз алаңында «Лас - Пальмасты» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Кездесудің бірінші жартысында екі команда есеп аша алмады. Негізінен мадридтік клуб шабуылдаумен болды. Ал, екінші тайм алғашқысына қарағанда тартыс пен қызыққа толы болды.

Қарсылас команда ойыншысынан қайтқан допқа бірінші жеткен Сауль Ньигес бірден алыстан жойқын соққы бағыттап, кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды - 1:0.

Естеріңізге сала кетейік, «Атлетико» - «Лас - Пальмас» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы

«Атлетико» - «Лас - Пальмас» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу