Қазақстандық хоккейшілер Олимпиадалық іріктеу турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық хоккейшілер Олимпиадалық іріктеу турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті (ВИДЕО)

02.09.2016

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Норвегия құрамасын қосымша уақытта жеңді. Есеп – 4:3

Кездесудің бірінші кезеңінде норвегиялықтар белсендірек болғанымен, Виталий Колесник қарсыластың соққыларын тойтара білді. Ал екінші кезеңде Андрей Назаров шәкірттері есеп ашты. Алғашқы гол авторы – Роман Старченко.  Алайда көп ұзамай норвегиялық хоккейші Матс Цукарелло есепті теңестірді. Тартысты кездесуде Кевин Даллмэннің соққан голы Қазақстан құрамасын қайтадан алға шығарса, Старченконың екінші голы есеп айырмасын еселеді.

Матчтың соңғы кезеңінде жарақат алған Колесникті алмастырған Дмитрий Мальгин екі шайба жіберіп алды. Гол авторлары - Юнас Холес және Андерс Бастиансен. Овертаймда Брэндон Боченски қарсыласқа шайба соғып, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады. 

Енді Қазақстан құрамасы ертең, Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Франция командасымен ойнайды. Аталған матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 
 

Хабарламаларға жазылу