«Манчестер Юнайтед» бірінші турда «Суонси» клубынан ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Манчестер Юнайтед» бірінші турда «Суонси» клубынан ұтылды

16.08.2014
«Манчестер Юнайтед» бірінші турда «Суонси» клубынан ұтылды

«Манчестер Юнайтед» Ағылшын премьер-лигасының бірінші ойынында өз алаңында «Суонси» командасынан ұтылды.

Бірінші таймда «Суонси» сапынан Ки Сон Ен гол соғып, уэльстік команданы алға шығарды.

Екінші таймда Уэйн Руни есепті теңестірді. Алайда, 72-ші минутта Гилфи Сигурдсон «Суонси» клубының екінші голын соғып, өз командасына жеңіс әкелді.

Айта кетейік, бұл мачты «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.

 

 

Хабарламаларға жазылу