«Астана» футболшылары Кипрге аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» футболшылары Кипрге аттанды

13.09.2016
«Астана» футболшылары Кипрге аттанды

«Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлік штабы Кипрге аттанды. Бұл елде елордалық команда Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында жергілікті АПОЭЛ командасына қарсы алғашқы кездесуін өткізеді.

Сонымен, «Астана» клубы Кипр еліне мынадай құраммен аттанды:

  • қақпашылар: Абылайхан Дүйсен, Ненад Эрич, Александр Мокин;
  • қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Біржан Кұлбеков, Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Сергей Малый, Игорь Шитов; 
  • жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев, Асхат Тағыберген, Абай Жүнісов, Геворг Наджарян,Неманья Максимович, Рохер Каньяс;
  • шабуылшылар: Таңат Нөсербаев, Джуниор Кабананга, Джордже Деспотович және Патрик Твумаси.

Естеріңізге сала кетейік, матч 15 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу