Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады

10.05.2024

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіледі. Әлем чемпионатының элиталық дивизионы В тобында Қазақстан құрамасы Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі. Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын ертең Францияға қарсы өткізеді.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу