Тікелей эфир. Түркия – Қазақстан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфир. Түркия – Қазақстан

16.11.2014
Тікелей эфир. Түркия – Қазақстан

«А» тобында ойнайтын екі команда осы уақытқа дейін үш ойын өткізіп, әзірге 1 ұпайдан еншілеген.

Іріктеу кезеңінде «А» тобында ойнайтын еліміздің футболшылары соңғы 6-шы орында, ал Түркия құрамасы 5-ші орында. Ал, «А» тобын әлі жеңіліп көрмеген Исландия (1-ші орын ) мен Чехия құрамасы (2-ші орын) бастап тұр. Үш кездесуде 3 ұпай иемденген Нидерланд футболшылары 3-ші, Латвия құрамасы 4-ші орында (2 ұпай).

Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасының футболшылары Латвия құрамасын өз алаңында қабылдап, 0:0 есебімен тең түскен. Ал, Нидерланд футболшыларына 3:1, Чехия құрамасына 2:4 есебімен ұтылған.  

17-қарашада (жексенбі, 16-нан 17-не қараған түні) Түркияда өтенін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 01:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу