«Астана» футбол клубы сырт алаңда «Марибор» командасынан жеңіліп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» футбол клубы сырт алаңда «Марибор» командасынан жеңіліп қалды

15.07.2015
«Астана» футбол клубы сырт алаңда «Марибор» командасынан жеңіліп қалды

Словенияда өткен алғашқы ойында «Астана» клубы «Марибордан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы – Марко Шулер.

«Астана» клубының футболшылары ойын барысында қанша шабуылдағанымен қарсыластарының қақпасына гол сала алмады.

Еске сала кетейік, қарымта кездесу 22 шілдеде Елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Хабарламаларға жазылу