Ауыл ақсақалдары «Ардагерлер үйінің» игілігін көруде

Қинаят Қожариянов соғысқа 19 жасында аттаныпты. 438-ші атқыштар полкінің құрамында Украина, Беларусь, Румыния және Польша жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. Соғыс аяқталған соң, жас жауынгер ретінде армия қатарында қалып, туған өлкеге тек 1947 жылы оралады. Өмірлік жарымен бірге көп жылдар бойы мал шаруашылығында еңбек еткен. Бүгінде немере-шөберелерінің шаттығына бөленіп, елінің тілеуін тілеп отыр.
Қинаят Қожариянов, соғыс ардагері:
Енді соғыс болмасын. Қазақстан алға өрлей берсін, дами берсін.
Бану Қожариянова, тыл ардагері:
12 баланы жеткіздім, бәрі Алматыда тұрады. Ақсақалымыз екеуміз бір баламыздың қолында отырмыз.
Осыдан біраз уақыт бұрын Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында «Ардагерлер орталығы» ашылды. Үйдің 4 қабырғасына қамалып отырғаннан шаршаған қариялар осы жерге келіп шүйіркілесіп, әңгімелеседі, шахмат ойнайды. Кітап оқып, теледидар тамашалайды. Қазіргі уақытта мұндай орталықтар әрбір ауылдық округте ашылып жатыр.
Мұқан Сахариев, Тарбағатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Енді ұсақ елдімекендердің барлығында ашылып, ардагерлерге қызмет көрсетіп жатыр. Ардагерлер өте риза. Көшеде босқа тұрмайды. Енді ақ шашымен, ақ сақалымен көшеде тұру қазақтың ақсақалына жараспайды ғой.
Бұл орталықтарда мектеп оқушылары мен ардагерлердің кездесуі де жиі өткізіледі. Әрбір жиын өскелең ұрпақты еліне, жеріне деген патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Бұдан бөлек, қариялар осы жерде ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты ой-пікірлерін де ортаға салады.
Мереке Төлеубеков, Ақсуат ауылының тұрғыны:
Ауылда не жетіспей жатыр, енді не керек деген тілектерімізді осы ақсақалдар алқасы арқылы ауызша болсын, жазбаша болсын, айтып, аудан әкіміне жеткізіп тұрамыз.
Қазіргі таңда Тарбағатай ауданында 6 соғыс ардагері тұрады. Ал бүкіл облыс бойынша биылғы Жеңіс күнін 747 соғыс ардагері қарсы алды.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2026 жылы Қазақстанда шәкіртақы қандай болады?
17.10.2025, 10:30

«90-жылдарға оралу» фильмі көрермен назарына ұсынылады
17.10.2025, 10:30
Күйші Қайрат Айтбаевтың шығармашылық кеші өтті
17.10.2025, 10:25
Алматы облысында «Әйел аманаты» кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті
17.10.2025, 10:25
Америкалық техно-алпауыт Қазақстанда өңірлік хабын ашуы мүмкін
17.10.2025, 10:20
Трамп пен Путин Будапеште кездесуге келісті
17.10.2025, 10:15
ШҚО-да жұмысшылар арасында жазатайым оқиға азаймай тұр
17.10.2025, 10:10
«Хан Тәңірі» командасының 19 жасар шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті
17.10.2025, 10:10