«Рухани жаңғыру» - Алаштың асыл мұраты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани жаңғыру» - Алаштың асыл мұраты

22.12.2017

«Рухани жаңғыру» - Алаштың асыл мұраты: тіл-жазу-мәдениет». Алматыда осындай атаумен халықаралық ғылыми-теориялық жиын өтті.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Алаш қайраткерлерінің еңбектерін бірнеше жылдан бері зерттеп келеді. Сондықтан, бұл басқосуда айтулы ғалымдар биыл атқарылған жұмысты қорытындылап, алда қолға алатын істерді пысықтады. Олардың сөзінше, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Алаштың арманымен астарлас. Енді өткенді тек зерттеп қоймай, Алаш идеясымен үндестіріп, насихаттау қажет.  

Фаузия Оразбаева, педагогика ғылымдарының докторы:

- Тіл білімі институты біраз уақыттан бері Алаш арыстарының еңбектерін зерделеп, өздерінің әрбір бөлімінде Алаш қайраткерлерінің еңбектерін сала-салаға бөліп зерттеп келеді. Ал, тарихи тамыры, танымы Алаш зиялыларының көзқарасында, еңбегінде жатыр.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу