«ЭКСПО» көрмесіне келушілер саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесіне келушілер саны артқан

21.08.2017

Бүгін «ЭКСПО» көрмесінің 73-күні. 10-маусымнан бастап 20-шы тамызға дейін көрмеге 2 млн. 779 мың 820 адам келген. Ал, соңғы бір аптада келушілер саны 345 мың 445 адам болыпты. Яғни, көрмені бір күнде орта есеппен 49 мың 349 адам тамашалаған. Бұл алдыңғы апталармен салыстырғанда 14 мың адамға көп. Африка плазасы, Мысыр, Түркия, Тайланд павильондары көптің қызығушылығын тудырса, адам көп келген нысандардың арасында «Нұр Әлем» көш бастап тұр.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу