«ЭКСПО»-ға келушілер саны 400 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО»-ға келушілер саны 400 мыңнан асты

28.06.2017

«ЭКСПО» халықаралық көрмесін осы күнге дейін 400 мыңнан астам адам тамашалаған. Мәліметке сай, алғашқы 9 күнде 205 мыңнан аса \205 561\ адам келген болатын. Бір күнде 22 840 келуші. Ал, өткен аптада, яғни 19-ы мен 25-маусым аралығында қалашықты 169 мыңға жуық \168 675\ адам тамашалапты. Күніне 24 мыңдай. Сонда жалпы ашылған күннен бастап бүгінге дейін келгендердің саны 425 377-ге жетті.

Сәуле АЛДАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу