Израиль Expo - 2017 көрмесіне қатысатындығын растады

12.05.2016
Израиль Expo - 2017 көрмесіне қатысатындығын растады

Израиль Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысады. Бұл туралы Қазақстандағы Израильдің Төтенше және өкілетті Елшісі Михаэль Бродский мәлім етті.

Елші еврей мемлекетінің павильоны көрмеге келушілер мен бизнес-қауымдастық арасында үлкен қызығушылық тудыруы тиіс деп санайды. Өйткені бұл мемлекет жаңа технологиялар әзірлеу жөнінен алдыңғы қатарда, деп хабарлады 24.kz.

«Израиль – жаңа технологиялар жағынан әлемде үздік танылған ел және оған баламалы энергетика саласы жалғыз мысал бола алмайды. Біздің павильонымыз келушілер мен бизнес-қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырады деп ойлаймын», – деді ол.

Хабарламаларға жазылу