«ЭКСПО» көрмесінің басталғанына бүгін - 13 күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесінің басталғанына бүгін - 13 күн

22.06.2017

Алғашқы күні-ақ, таңғажайып қалашықты 10 мыңға жуық адам араласа, бүгінде келушілер саны шамамен 300 мыңнан асқан. Осы уақытқа дейін  1 миллион 500 мың билет сатылғанын ескерсек, «ЭКСПО» қонақтарының саны әлі де еселенері сөзсіз. 86 ел өз павильондарын ашқан. Келушілер жағынан қазақстандық «Нұр Әлем» павильоны көш басында. Ал, шетелдіктерден Қытай алдыңғы қатарда.

13 күн ішінде көрме алаңында 300-ден астам мәдени-ойын-сауықтық шарасы өтті.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу