Нидерланд корольдігі «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі павильонын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд корольдігі «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі павильонын таныстырды

16.05.2017

Шағын ел, шексіз энергия. Нидерланд корольдігі «ЭКСПО-2017» көрмесіне осындай ұранмен келіп отыр. Өйткені, аумағы кішігірім болғанымен, бұл мемлекет «жасыл» энергияны ежелден бері тиімді пайдаланып келеді. Сондықтан, бұл көрмеде өз еліндегі инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәсілдерді барынша көрсетуге тырысар-ақ. Павильон директоры Эвелин Бяйлдің айтуынша, нидерландықтар ұсынған болашақ энергиясымен көрмеге келушілер 4 бөлімде таныса алады. Қонақтарға ақпараттық, интерактивті, ойын-сауық, 3D бағдарламалар ұсынылады.

 Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу