Чехия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
Чехия Республикасының Үкіметі 30 мамырда өткен отырысында Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды ресми мақұлдады.
Астанадағы Чехия Республикасының Елшілігінің хабарлауынша, бұл тарихи шешім. Өйткені бұрын бұл ел ЭКСПО мамандандырылған көрмесіне қатыспаған.
«Қазақстан Чехия Республикасы экономикалық қатынаста басымдық беретін 12 елдің қатарында бар. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды чехиялық компаниялар қолдап отыр. Олар қазақстандық экономикаға инвестициялар құюға қызығушылық танытып отыр. Бұл компаниялар үшін аталған көрме жаңа нарықтарға қол жеткізу мүмкіндігін береді», - деп хабарлады елшіліктен.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектеп бағдарламасына бірнеше жаңа пән енгізілді
18.08.2026, 20:00
Екі жылда құтқарушылар 1,4 мың техникамен жабдықталды
18.08.2026, 19:57
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20