«Басты тақырып». «Болашақ энергиясы» тақырыбы қаншалық сәтті таңдалған? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Басты тақырып». «Болашақ энергиясы» тақырыбы қаншалық сәтті таңдалған?

29.06.2017

«Болашақ энергиясы» тақырыбы сәтті таңдалды деп айта аламыз ба? Халықтың рухани жаңғыруы қанша уақытқа созылуы мүмкін? Бүгінгі жаһандану дәуірінде рухани жаңғыру қаншалықты мүмкін дүние?

«Басты тақырыптың» бүгінгі қонағы «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы Мұхтар Манкеев бағдарлама барысында осы сауалдарға жауап берді.

«Біз бұл тақырыпты таңдаған кезде жаһандық дағдарыс әлі басталған жоқ еді, сол кезде көбісі «Қазақстанға бұл тақырып керек пе?» деп сұрады. Бірақ, бірнеше жыл өткен соң, көпшілік бұл тақырыпты стратегиялық көзқараспен таңдағанымызды түсінді. Мәселен, Қытайда үлкен бір провинция бір апта бойы жаңартылған энергия көздерімен өмір сүрген. Бізге де сондай талпыныс жасау керек. Себебі, жаһандану процесінде Қазақстанның рөлі зор. Біз бәріне дайын болу керекпіз. Сондықтан, бұл тақырыпты өзекті деп санаймын».

Бағдарлама барысында студия қонағы рухани жаңғыру туралы да айтып өтті.

«Рухани жаңғыруды айтар болсақ, ол - бітпейтін процесс. Жаңғыру – біздің тәрбиемізде, көзқарастарымызда», - деді Мұхтар Манкеев.

Сонымен қатар, студия қонағы хабар барысында антижаһандануға қатысты ойын білдірді.

Хабардың толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу