Алматы әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі мәмілеге қол қойды. Қала әкімі Ахметжан Есімов пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойған құжат мегаполистегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша бірігіп жұмыс істеуге және өзара тығыз байланыста болуға мүмкіндік береді.
Қала әкімі келісім бойынша жұмыс істеу еліміздің негізгі қаржы институттары шоғырланған Алматыны республикамыздың ірі іскерлік орталығы екендігін айқындай түсетінін атап өтті.
Ал, Тимур Құлыбаев өзара ынтымақтасып жұмыс істеу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен қатар, іскерлік ортадағы бәсекелестік деңгейін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Дәурен ДАРИЯБЕК