Жыл басынан бері 299 дроппер сотталды
Жыл басынан бері 300-ге жуық дроппер сотталды. Олар өз банк шоттарын
бейтаныс тұлғаларға беріп, күмәнді ақша аударымдарын жүргізген. Кейбірі
интернет-алаяқтармен жұмыс істеген. ((ЗКТ)) Бұл туралы Қаржылық мониторинг
агенттігінің өкілдері айтты. Мұндай қылмыстың алдын алу үшін бүгін Астанада
цифрлық қауіпсіздік бойынша форум өтіп жатыр. Агенттіктің офицерлері,
сарапшылар жастарға дәріс өткізді.
Қатысушылар ашық диалог форматында сұрақ қойып, практикалық кеңес алды.
Айта кетейік, дропперлерге, яғни банк деректерін өзгелерге пайдалануға беретін
тұлғаларға қатысты жаңа заң нормасы қыркүйекте күшіне енді.
Жұмахан Дәуіржан, қалалық жастар ресурстары орталығының бөлім басшысы:
Яғни сіз өз карталарыңызды үшінші тұлғаларға беретін болсаңыз, қылмыстық зардабын шегесіз. Жастарға дропперліктің алдын алу бойынша дәрістер болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы