Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
Елімізде
жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді. Түзетулерді Ішкі істер
министрлігі әзірледі. Енді емтиханнан алғаш рет өте алмаған азаматтар келесі
жұмыс күні қайта тапсыра алады. Ал екінші мүмкіндікте де сынақтан сүрінсе, 10
күн дайындалуы тиіс. Үш рет сәтсіз тапсырғандар үшін келесі емтихан ақылы
болады. Тағы бір жаңалық – теориялық емтиханнан өтіп, практикалық сынақтан өте
алмағандардың алғашқы нәтижесі сақталады. Яғни теорияны қайта тапсырудың қажеті
жоқ. Сондай-ақ шетелдік жүргізуші куәлігін қазақстандық құжатқа ауыстыру
талаптары күшейтіледі. Ол үшін теориялық емтихан тапсырып, шетелдік куәліктің
түпнұсқалығы ресми түрде расталуы тиіс. Бұдан бөлек, көлікті қайта
жабдықтағаннан кейін оны қосымша тексеруден өткізу талабы алынып тасталмақ.
Өзгерістің қауіпсіз екенін растайтын құжат жеткілікті. Ішкі істер
министрлігінің мәліметінше, түзетулер мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, артық
рәсімдерді қысқартуға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы