Басты Жаңалықтар Халық кеңесі қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтады

Халық кеңесі қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтады

Қазақстанда қоғамдық келісімді нығайту және азаматтар арасындағы өзара түсіністікті дамыту мәселесі қоғамдық диалогтың маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте этномәдени бірлестіктердің орны ерекше. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға, азаматтардың ұсыныстарын жеткізуге де атсалысады. Халық кеңесі аясындағы диалог алаңдарының негізгі міндеттерінің бірі – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту, түрлі әлеуметтік топтардың пікірін ескеру және ортақ шешімдер іздеуге жағдай жасау. Шетелдік сарапшылардың пікірі осыған саяды.

Ольга Калинина, сарапшы:

Маған қонақжай қазақ халқы өте ұнайды. Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінің бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқаны ерекше назар аудартады. Менің ойымша, Халық кеңесінің құрылуы этносаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға, түрлі этнос өкілдері арасындағы қоғамдық диалогты дамытуға ықпал етеді.

Бөлісу