Басты Жаңалықтар 7 мыңнан аса адам донорлыққа келісім берген

7 мыңнан аса адам донорлыққа келісім берген

Қазақстанда 17 мыңнан астам адам қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім білдірген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Биылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, eGov арқылы 184 мыңнан астам азамат өз таңдауын тіркеген. Оның 17 158-і донорлыққа келіссе, 167 мыңнан аса адам бас тартқан. Ал трансплантацияны күту парағында 5 мыңға жуық пациент бар. Олардың 126-ы балалар. Науқастардың 4,2 мыңнан астамы бүйрек трансплантациясына мұқтаж. Былтыр Қазақстанда 310 трансплантация жасалса, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында 208 операция жүргізілген.

Бөлісу