Ұлттық компания басшысы Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен кездесіп, аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың көрмесін аралап көрді.
Кездесу қорытындысы бойынша, «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы және Павлодар облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұл маңызды құжат павлодарлық кәсіпорындарға көрмесі кешенінің құрылысына белсенді қатысуға зор мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, EXPO-2017 нысандарын салатын бас мердігерлер мен павлодарлық тауар өндірушілері арасында ынтымақтастық туралы тоғыз меморандумға қол қойылды.
Атап айтқанда, астаналық «Mabco construction s.a.» құрылыс фирмасы және павлодарлық қара және түсті металдардан түрлі өнімдер шығаратын «Кастинг» болат құю зауыты өзара әрекеттесу туралы келісті.
Бұған дейін «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен халықаралық көрмеге дайындыққа аймақтық бизнесті тарту туралы мәмілелерге қол қойған.