Қызылордада күйшілер байқауы өтті
Қызылордада домбыра күніне орай «Сыр толқыны» атты республикалық күйшілер байқауы өтті. Ұлттық аспап пен төл өнерімізді дәріптеуге бағытталған конкурс биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Қазақтың күй мұрасын насихаттауға еліміздің әр өңірінен 11 өнерпаз келді. Әр қатысушы белгілі күйшілердің мақамына салып күй шертіп, көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Ұлттық өнерді ұлықтап, домбыраны өмірлік серік еткен талантты жастар екі кезең бойынша сайысқа түсті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлер арнайы сый-сияпатқа ие болды.
Бақытжан Дүйсенқазиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Енді сол күйшілердің мұрасын кейінгі ұрпаққа жалғастыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан бүгінгі байқау әрі қарай жалғасын тапсын. Жалпы айтқан кезде осы күйдің ордасы тіккен жерлерден бүкіл өнерпаздар келіп отыр бақтарын сынап.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06