Шетелде домбыраны онлайн үйреніп жатқандар көбейді
Шетелдіктер мен шалғайда жүрген қандастарымыз домбыра тартуды үйреніп жатыр. «Отандастар қоры» биылғы жылдың науыр айынан бастап домбыра үйірмелерін онлайн форматта өткізетін пилоттық жобаны бастаған еді. Бұл тетік қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп, қолданыс аясы кеңейіп келеді.
Дана Дәулетова:
АҚШ-та, алыста жүрген отандастырымзға осы жоба арқылы домбыраны үйретіп, домбыраны қалай ұстау керек екендігін және қаншама әдемі күйлерді үйреткеніне мың алғыс.
Жазира Санатқызы:
«Отандастар қорының» көрсетіп жатқан онлайн домбыра сабақтарына қатысып жүргеніме 3 ай болды.
Жобаның негізгі мақсаты – шетелде жүрген қазақтар мен басқа да ұлт өкілдеріне домбыра тартуды үйрету. Жоба басталмас бұрын сауалнама жүргізіліп, оған 400-ге жуық адам қатысып, үйірмеге қатысуға ниет білдірген.
Жобаға қатысушылар географиялық тұрғыға, сондай-ақ уақыт ерекшелігіне сай үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде әлемнің 27 елінен жалпы саны 142 адам қатысты.
Әлібек Жұрқадам, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті:
Жобаға қатысушылар географиялық тұрғыға, сондай-ақ уақыт ерекшелігіне сай үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде әлемнің 27 елінен жалпы саны 142 адам қатысты.
Жобаға қосылып жатқан ел көп. Қазір 130-дан астам адам білім алып жатыр. Күз айларында жоба Түркия мен Таяу Шығыс елдерін қамти отырып, жыл соңына дейін сабақ көлемін 360 сағатқа жеткізу жоспарланып отыр.
Дамир Еркінов, мұғалім:
Шетелдік қазақтар шетелде тұрса да өзінің ана тілін ұмытпаған. Елге деген сағынышын осы тілі арқылы, осы домбыраның үні арқылы жеткізгісі келеді. Және де өздерінің балаларына осы өнерді үйреткісі келеді.
Осылайша, жобаның арқасында қазақтың домбырасын қолына алып, ұлттық өнер мен мәдениетті танып-біліп жатқан адамдар саны әлем бойынша артып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы