Ұлттық домбыра күні Бельгияда тойланды
Шілденің
алғашқы жексенбісі, яғни ертең Ұлттық домбыра күні. Бельгия жұртшылығы мерекені ауқымды атап өтті. Диаспора өкілдері
мен шетелдіктер құрған ансамбль Брюссельде тігілген киіз үйдің жанында күй күмбірлетіп,
концерт қойды. Корольдікте қазақ мәдениетіне деген қызығушылық жыл сайын артып
келеді. Шетелдіктер қазір шеберлік сабақтарына қатысып, ұлттық аспаптарда
ойнауды үйреніп жүр.
Бельгиялық Лукас Моммер домбыра десе ішкен асын жерге қояды. Француз тілі пәнінің мұғалімі ұлттық аспаптың үнін алғаш ғаламтордан естіп, ғашық болғанын айтады. Бірден Қазақстаннан домбыра алдыртып, Алматылық музыканттан онлайн үйренген. Қазір салалы саусақтарымен күйді төкпелеткенде қос ішекті қатар шерткен қазақтан кем емес.
Лукас Моммер, Француз тілі пәнінің мұғалімі:
Домбырада ойнаған сайын оның астарында терең тарих, мәдениет және ашаршылық сияқты өткеннің қасіреті жатқанын түсінемін. Мектепте оқушыларыма домбыра тартып, Қазақстан туралы айтып отырамын. Арманым – Алматыны көру.
Бельгиялықтар мен диаспора өкілдері Қазақстан елшілігінде өтетін мәдени шараларды қалт жібермейді. Ұлттық домбыра күніне орай, DOMBRAssadors ансамблін құрып, шағын концерт қойды. Өнер ұжымының құрамына дипломаттар да қосылған. Кәсіби музыканттар мен әуесқой өнерпаздардан құралған ансамбль ұжымы қазақ күйлерін құйқылжыта орындады. Домбыра, жетіген мен сазсырнайдың гобой, скрипка, аккордеонмен үндесуі концерттің көрігін қыздырды.
Роман Василенко, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі:
Бүгін домбыраның әуені Қазақстанда ғана емес, Еуропаның жүрегі – Брюссельде де естіліп жатыр. Бұл – Қазақстан мен Бельгияны мәдениет арқылы жақындастыратын ерекше белгі.
Йохан Фамай, музыкант:
Бізде домбыраның дәл баламасы жоқ, бірақ аккордеонымның қазақтың ұлттық аспабымен үндескені қуантады. Менің ойымша, әртүрлі дыбыстарды біріктіріп, жаңа дүние жасау өте қызық.
Аккордеоншы Йохан да қазақтың ұлттық аспаптарын меңгеруге ниетті. Қазір Брюссель, Гент қалаларындағы екі қазақ мәдени орталығында балалар мен ересектер домбыра тартуды, қазақшаны үйреніп жүр. Онан бөлек, домбыра, сазсырнай мен жетіген Бельгияның корольдік мұражайына сыйға тартылған. Елшіліктегілер ұлттық құндылықты сақтап, елдің бай мәдени мұрасын шетелдіктерге кеңінен насихаттау жұмыстарын әрі қарай да күшейтпек.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07