Бүгін «ЭКСПО -2017» көрмесіне дайындық барысымен танысу үшін Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес кезекті инспекциясымен Астанаға келді.
ХКБ басшысы сапары барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесіп, ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінің көрмені өткізу қарсаңында атқарған жұмысына қатысты есебімен танысты.
Сапар шеңберінде бас хатшының Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және бірқатар ресми тұлғалармен кездесуі жоспарланған.
Висенте Гонсалес Лоссерталес 22-23 қазан күндері ЭКСПО-2017 көрмесі Халықаралық қатысушыларының алқалы басқосуына және 23 қазан күні басталатын «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» халықаралық форумына қатысады.
Бұл - ХКБ-ның 2012 жылдың қарашасынан бері Астанаға жасаған төртінші инспекциясы, деп хабарлайды strategy2050.kz.