EXPO-2017 көрмесінің тіркеу құжаты таныстырылды
Париж қаласында EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р. Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросы Атқарушы комитетінің жұмысына қатысты.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Делегация жетекшісі EXPO-2017 көрмесіне шетелдік қатысу бойынша жұмыс тобының қызметі туралы, Казақстанның ХКБ алдындағы міндеттемелерді орындауы және көрмені ұйымдастырудың құқықтық негіздермен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді жеткізді.
Таныстыру қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің басшылығы мен мүшелері EXPO-2017 көрмесінің дайындық деңгейіне оң бағасын берді.
2014 жылдың маусымында 155-ші Бас ассамблея отырысында тіркеу құжатын мақұлдау, EXPO-2017 көрмесін ресми мойындау және Халықаралық көрмелер бюросының туын алу жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03