«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының қолдауына ие болған кәсіпорынның бірі – Тараздағы ет жаймалары мен кеспе шығаратын фабрика.
Жоғары технологияның арқасында сапалы өнім шығаруға қол жеткізіген өндіріс орны ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандырумен қатар, өнімінің бестен бірінен астамын Еуропа елдеріне экспорттап отыр.
Фабрикадағы қол күшіне тәуелді негізгі жұмыс дайын өнімді қораптарға жайғастыру.
Өйткені жаймалар сынып, бүлінбес үшін аса ұқыптылық қажет. Кәсіпорында 140 адам жұмыс істейді. Айына 300 тоннаға дейін жайма, кеспе мен лағманның 10 түрі шығарылады.
Өткен жылдан бері фабрика өнімдерінің Америка нарығында да үлес салмағы артып келеді.
Кәсіпорын ендігі жерде өнім көлемін ұлғайтумен бірге макарон цехын ашуды жоспарлап отыр.
Жаңа желі іске қосылған соң мұндағы жұмысшылар саны екі есеге көбеймекші.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ