Басты Жаңалықтар Алматыда конақүй көп салына бастады

Алматыда конақүй көп салына бастады

Алматыда қонақүй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір қалада жалпы құны 900 миллиард теңгеге жуық 87 қонақүй жобасы жүзеге асырылуда. Олар толық іске қосылса, тағы 9 мың 590 қонақүй нөмірі ашылады. Биыл жыл басынан бері қалада 26 қонақүй ашылып, 1 мың 103 нөмір пайдалануға берілген. Ал жылдың алғашқы жартысында Алматыдағы қонақүйлер мен басқа да мейман қабылдайтын нысандар 1 миллион 100 мыңнан астам адамды қабылдаған. Туристерге көрсетілген қызметтен түскен табыс 53 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға көп.

Бөлісу