Жастар жылын флешмобқа айналдырып жібермеудің амалы қайсы?
Бір әмірші әл-Фарабиден: «Менің мемлекетімнің ертеңі туралы не айтар едің?» – деп сұрапты. Сонда әл-Фараби: «Сен маған алдымен жастарыңды көрсет, сонда мемлекетіңнің болашағын барлау қиынға соқпайды», – деген екен. Рас, болашақтың қожасы - жастар. Биыл – Қазақстанда Жастар жылы. Президент өткен жылдың соңында халыққа Жолдауында жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп қабылдауға ұсыныс жасаған еді.
Сонымен, 2018 жылы қарашаның 13-де Назарбаев Жастар жылы туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, 2019 жыл ресми түрде Жастар жылы деп жарияланды. Бұл – сергек ойлы жастарды бір серпілтіп, ойларына ой, бойларына жігер қосқандай болды. Көпшілігі осы жылы жастарды алаңдатқан түйінді мәселелері шешіледі деп үміттінеді. Әлбетте, алаулатып-жалаулатып, атаулы жыл атына сай деңгейде өтпей қала ма деп алаңдайтындар да жоқ емес. Жастар жылын даңғаза ұрандарға, көк тиын пайдасы жоқ көпірме форумдар мен жиындарға, флешмобтарға айналдырып жібермеудің амалы қайсы? Не ескерілуі керек? Жастардың нақты түйткілдері қандай?
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
