Криптовалюта мен биткоин деген не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криптовалюта мен биткоин деген не?

17.06.2018

Әлемде осыдан он жылдай бұрын «криптовалюта» деген ұғымның пайда болғандығын қаржы саласының мамандары жақсы біледі

«Сатоша Накамото» деген лақап атты иемденген белгісіз жан жаңа төлем құралын ойлап тапты.  Өзі кәдімгі доллар, еуро, теңгенің қызметін атқарады. Мұнымен ғаламтордан кез келген тауарды сатып алуға, әлемнің түкпір-түкпіріне аударым жасауға болады. Бірақ, ақша дейін десең, қолмен ұстап, көзбен көретін зат емес. Бар болғаны, жыпырлаған сандар. Яғни, бұл электронды валюта, тек интернет желісінде жұмыс істейді. Сол, криптовалюта екі жыл бұрын Қазақстанға да жетті. Әсіресе, өткен жылы биткоин валютасының танымалдығы еселеп артты.  

2017 жылдың басында небәрі мың долларға саудаланған 1 биткоинның құны желтоқсан айында 20 мың долларға бір-ақ шарықтады. Рекордтық көрсеткішке жетті. Қысқа уақытта мың құбылған электронды ақшаның қазіргі бағамы да аса төмен емес. 7-8 мың доллардың айналасында. Ал, осы криптовалюта нарыққа алғаш енгенде 10 мың биткоин небәрі екі пицца алуға ғана жеткен екен. Ал, қазір 10 мың биткоиның болса, миллионерлер қатарына қосылғаның. Ақшаны бұрын тек банк басушы еді, қазір кез келген адам арнайы кодты ойлап тауып, өзі-ақ басып шығара беретін болды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу