Димаш мексикалықтардың жүрегін жаулады
«Димаш, бауырым, сен енді мексикалықсың!». Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне келген мексикалықтар осылай деп ұрандатты. Өнер иесі жергілікті көрерменнің зор ықыласына бөленді. Жанкүйерлер Қазақстанның Мемлекеттік туын көтерді. Ал Димаш мексикалық тыңдармандарына испан тіліндегі әйгілі «Historia de un amor» және «Bésame mucho» әндерін тарту етті. «Тау ішінде» әнін Димаш жанкүйерлерімен бірге орындады. Концерттің ең әсерлі сәттерінің бірі - бейбітшілік идеясын дәріптейтін «The Story of One Sky» композициясы. Әнші музыка арқылы халықты жақындастырып, әлемде соғыс болмасын деген тілегін жеткізді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
16.11.2026, 10:08
COP31: Қазақстан «жасыл» экономикаға мол инвестиция тартты
16.11.2026, 10:07
ШҚО-да 32 ветеринариялық нысан салынып жатыр
16.11.2026, 10:06
Енді Алматы әуежай жылына 9 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді
16.11.2026, 10:06
Халық пікірі: Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның айқын белгісі
16.11.2026, 10:03
Жамбыл облысы бойынша 800-ге жуық адам интернет-алаяқтарға алданды
16.11.2026, 10:01
Құрылтайда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қаралып жатыр
16.11.2026, 10:00
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07