7 жылда 3,5 млн жұмыс орны ашылды
Соңғы 7 жылда елімізде 3 жарым миллионнан астам жұмыс орны ашылды. Оның шамамен 67 пайызы тұрақты жұмыс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, тек былтырдың өзінде 564 мыңнан аса жұмыс орны құрылған, 64 пайызы тұрақты жұмыс. Өңірлер арасында Ақмола мен Қостанай облысы көш бастап тұр. Аталған аймақтарда көрсеткіш 76 пайыздан асқан. Ал Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында 70 пайыздың үстінде. Ведомство өкілдері жаңа жұмыс орындарын құру халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, қосымша табыс көзін қалыптастыруға, салық базасын кеңейтуге және ішкі тұтыну сұранысын арттыруға ықпал етті, дейді. Ресми статистика бойынша 2026 жылдың екінші тоқсанында жұмысқа орналасқандардың саны 9 жарым миллионға жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 79 мыңға артық. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды тұғырнамасы аясында алдағы 4 жылда 3,3 млн адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы