COP31: Қазақстан «жасыл» экономикаға мол инвестиция тартты
Қазақстан «жасыл» экономика жобаларына 32 млрд теңгеден астам инвестиция тартты. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асып жатқан қос жоба Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан СОР31 климаттық конференциясы аясында таныстырылды. Оның бірі - литий-йонды аккумуляторларды қайта өңдеу зауыты болса, екіншісі - Алматы облысында қуаты 70 МВт күн электр станциясын салу жобасы. Бұл жобалар қауіпті қалдықтардың көлемін азайтуға және қайта өңдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған. Жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға және шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Сун-А Кюн, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бөлім басшысы:
Қазақстанның жасыл технологияға көшу бағытындағы мақсаты айқын. Біз елдің жаңартылатын энергия көздерін дамытуына, электр желілерін жаңғыртып, энергияны сақтау жүйелерін енгізуіне қолдау көрсетуге дайынбыз. Мұның бәрі энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, ауаның сапасын жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Біз Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге және бұл іске басқа да халықаралық серіктестерді тартуға мүдделіміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы