Әлемде қазір инвестиция тапшы. Дамушы елдердегі оның ағымы соңғы 20 жылда алғаш рет тоқырағаны мәлім болып отыр. Мәселен, 2008-2014 жылдары Қазақстанға жыл сайын орта есеппен 24 миллиард доллар тікелей инвестиция келетін. Былтыр ол 15 миллиардқа жетеқабыл ғана болды. Сондықтан қазіргі кезде сырттан инвестиця тарту үшін көптеген елдерде қолайлы жағдайлар жасалып, өзара бәсеке қызып тұр. Былтыр толықтырылған Жер туралы кодекс те сондай игі ойдан туған.
Заң әрбір ауыл тұрғынына, жер емген әр азаматқа, тұтас ауылды жерлерге шапағатын тигізу үшін жасалған. Ал, мемлекетіміз болса, тиімді игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы әлеуетін толығымен іске қосып, саланы экономиканың басым бағыттарының біріне айналдыруды көздеген. Себебі, Қазақстанда 8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 178 мыңнан астам шаруа және фермерлік қожалықтар, 1,5 миллионнан аса жеке қосалқы шаруашылық бар. Алайда заңның тетіктері мен нормалары жұртшылықты кеңінен қатыстыру арқылы талқыланбағаны белгілі болды.
Юлия Кучинская, Әлеуметтану ғылымдарының докторы:
Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, Қазақстан азаматтары елдегі саяси жаңалықтардан, қандай да бір заңдарға енген өзгерістерден қашанда хабардар. Яғни, халық саяси сауатты. Ал, аталған заң жобасына енген өзгерістерге қатысты жан-жақты ақпараттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілді деп айта алмаймыз.
Жер туралы кодекстің төрт бабының көпшілікке жете түсіндірілмегініне байланысты Мемлекет басшысы мораторий енгізуін жұртшылық оң қабылдады.
Асылы Осман, Қоғам қайраткері:
Елбасымыздың мораторий жариялағаны елді қанаттандырды. Сенім – ең керемет дүние. Халық Елбасымызға сеніп отыр. Ол депутаттарды өңір-өңірге жіберіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
«Бұл дер кезінде, халықтың мүддесі ескеріле отырып жасалған ұтымды шешім», - дейді зиялы қауым өкілдері мен депутаттар.
Асанәлі Әшімов, КСРО халық әртісі:
Жеріміздің жайқалып, еліміздің көгергені бәрімізге керек. Осы мораторийдан кейін көп ойланып, халқты, елді өсіретін тіршілік жасауға ұмтылуымыз керек.
Бір жылдың ішінде тиісті органдар заңға қатысты жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Жанат Жарасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Еліміздегі адамдардың 42 пайызы ауылды жерде тұрады. Солармен кездесу керек. Жалпы, тек кездесу ғана емес. Телеарна, газет арқылы халыққа түсіндіру керек. Халықта ешқандай түсініксіз сұрақтар болмау қажет.
Әлібек Асқаров, жазушы:
Бір жылдың ішінде мораторий кезінде қайтадан қарап, дұрыстап халықпен есептесе отырып. Дұрыс екі жақпен келісе отырып бір дұрыс заң шығады деген үміттеміз.
Тиісті органдар мен құрылымдар, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқаратын арнайы комиссия жұмыстарының нәтижесі бойынша ұсыныстар әзірленіп, Парламентке беріледі.
Қоғамдық талқылаудан соң Парламент ортақ шешімге келсе, мораторий алынады, ал олай болмаған күнде сол күйінде қалады.