Басты Жаңалықтар Қосшыда «Өнер – халық қазынасы» шығармашылық байқауы өтті

Қосшыда «Өнер – халық қазынасы» шығармашылық байқауы өтті

Ақмола облысының Қосшы қаласында «Өнер – халық қазынасы» шығармашылық байқауы өтті. Сахнаға кәсіби әртістер емес, қарапайым тұрғындар өзара бақ сынасты. Бас-аяғы 1200-ге жуық өнерпаз қатысты. Ең кішкентайы – 5 жаста болса, ең үлкені – 85-те. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты – ел ішіндегі дарынды жандарды анықтау. Биылғы байқау ел  Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және күй анасы Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналды. Дәстүрлі кешке халық белсенді қатысты. Кештің шырайын келтірген ерекше сәттер де аз болмады. 300 оқушы бірмезетте Динаның күйлерін күмбірлетті.  80-нен асқан әжелер «Ұршық» биін билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде дара шыққан дарындар облыстық кезеңге жолдама алды.

Айнагүл Көңбайқызы, Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы:

Халықтың ішіндегі өнері жойылып кетпесін, халықтың ауыз әдебиеті фольклоры. Керемет таланттар бар. Басқа мамандықта жүрген азаматтардың жас кезінде кетіп қалып қартайған уақытында ішінен шыққан өнерін оятатын осындай керемет жоба. Ақмола облысының барлық аудан, қалаларында өтеді.


Бөлісу