Басты Жаңалықтар Ақмола облысында 40 мың түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды

Ақмола облысында 40 мың түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды


Ақмола облысында соңғы 5 жылда 73 миллион түп ағаш отырғызылды. Бұл Президенттің 2027 жылға дейін мемлекеттік орман қорын 2 млрд ағашпен толықтыру тапсырмасы аясында жүзеге асты. Игі шараға «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының да үлесі мол.

Мәселен, бүгін экологиялық акция аясында «Бұқпа» орман шаруашылығының аумағында 130-дан аса белсенді қылқан жапырақты ағаш отырғызуға қатысты. Олардың қатарында облыстық табиғи ресурстар басқармасының және «AMANAT» партиясының өкілдері бар. Тек бүгінгі акция аясында 4 гектар жерге 40 мың түп қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылады. Ал алдағы екі жылда орман қорын 76 млн түп ағашпен толықтыру жоспарланған. Бұл мақсатты жүзеге асыруда орман шаруашылығының өз питомнигі де бар.

Ербол Тәшімов, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

Басқармаға қарасты 13 орман шаруашылығы бар. Сол 5 жылда жалпы жоспар орындалды деуге болады. 73 млн көшет отырғызылды. Биылғы жоспар бізде 14 млн. Ағаш отырызуға студенттер қатысады. Халық қатысады.


Бөлісу