Сандық дерек: Мәжіліс құрамының атқарған жұмыстары
Жалпы, Мәжілістің құрамында барлығы 107 депутат бар.
Бесінші шақырылымдағы Парламенттің Мәжілісі тұңғыш рет партиялық тізіммен сайланған. Осыдан бес жыл бұрын өткен сайлауға 7 саяси партия қатысып, «Нұр Отан» партиясы 80,99 пайыз, «Ақ жол» 7,47 пайыз, Қазақстан коммунистік халық партиясы 7,19 пайыз дауыс жинап, өкілдерін Мәжіліске өткізген.
Жалпы, Мәжілістің құрамында барлығы 107 депутат бар. Оның 9-ын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Былтыр Парламенттің Төменгі палатасында 210 заң жобасы қаралды. Оның 158-і мақұлданып, Мемлекет басшысы 89 заң жобасына қол қойды.
2013-2014-ші жылдары депутаттар 14 заңға бастамашы болса, 2015-ші жылы бұл көрсеткіш 25-ке жетті. Депутаттардың Үндеуінде жергілікті мәслихаттар сайлауын Мәжіліс сайлауымен бірге өткізу туралы ұсыныс айтылды.
Бұл – «100 нақты қадамды» жүйелі жүзеге асыруда барлық деңгейде өкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін қажет. Қазір елімізде 161 аудан, облыстық деңгейде 54 және республикалық маңыздағы 2 қала бар. Бұдан бөлек, 14 аймақтың орталығында облыстық мәслихаттар жұмыс істейді.
Айбек ҚОБДАБАЙ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19