Әділбек Жақсыбеков елордадағы бірқатар нысандарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Жақсыбеков елордадағы бірқатар нысандарды аралады

26.08.2015
Әділбек Жақсыбеков елордадағы бірқатар нысандарды аралады

Әкім ұстаздар құрамының жаңа оқу жылына дайындық барысымен және мектеп кітапханасының  оқу әдебиетімен қамтылуын көрді. Қала басшысы елордадағы білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті болу керектігін, әр мектепке заманауи сандық білім беру ресурстарын енгізу қажеттігін атап өтті.

«Ұстаздар үнемі біліктілігін арттырып отыруы керек. Білім беру саласының бұдан былайғы нәтижелі дамуы «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген. Біздің басты мақсатымыз – баланың мектепте дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасау», - деді қала басшысы.

Жаңа оқу жылында елордалық 17 мың бала бірінші сыныпқа барады, бұл былтырғы оқу жылына қарағанда 2 мың оқушыға артық.

Сонымен қатар, бүгін Әділбек Жақсыбеков Астаналық цирктің, «Барыс» спорт кешенінің, «Қазақстан» спорт сарайының және Қ. Мұңайтпасов атындағы алаңның жағдайын тексерді.

Қала басшысы спортшылардың кәсіби дайындығы және қала тұрғындары мен қонақтарының демалысын өткізуге сапалы қызмет көрсету қажеттігіне аталған нысандар жетекшілерінің назарын аударды.

Хабарламаларға жазылу