Конституция күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінің 560 қызметкері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституция күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінің 560 қызметкері марапатталды

30.08.2019

Конституция күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінің 560 қызметкері марапатталды. Салтанатты іс-шараға министрліктің басшылығы, ардагерлері мен жеке құрамы қатысты. Шара барысында осы салада өз міндетін адал атқарған бірқатар қызметкерге  мемлекеттік және ведомстволық наградалар тапсырылды. Кейбіріне «Ерлігі үшін» медалі берілді. Жиын соңында қалалық Полиция департаментінің көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған мерекелік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Министр қолынан «Ерлігі үшін» медалін алғандардың бірі — Дархан Райымбеков. Ол балалар лагері жанындағы өртті сөндіру кезінде батылдық пен кәсіби шеберлігін көрсеткен. 

Дархан Райымбеков, Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру жедел кезекшісінің көмекшісі:

Өрт сөндіру колоннасын басқарып, Абай ауданына, Нұра ауданына, Шет аудандарында дала өрттерінде 1-2 сутка көлемінде өрт сөндірдік. Бұл марапаттау тек қана менің жетістігім деп есептемеймін, ол Қарағанды облысы өртке қарсы қызметкерлерінің құрамының барлығының жетістігі деп есептеймін.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу