Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Россия-24» телеарнасына арнайы сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Россия-24» телеарнасына арнайы сұхбат берді

31.05.2015
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Россия-24» телеарнасына арнайы сұхбат берді

Ресейге қарсы санкция және Қытайдың Қазақстанға қаупі. Осындай күн тәртібіндегі күрделі мәселелерге қатысты Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Россия-24» телеарнасына арнайы сұхбат берді, осы аптада. Бұл – Назарбаевтың сайлаудан кейінгі алғашқы сұхбаты.

Сұхбатта Қазақстан Президенті жаһандық экономикалық дағдарыс, күбірткедей ушыққан Украинадағы жағдай, «Қытайдың қазақ экономикасына ықпалы» туралы айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, Қазақстан үшін дағдарыс сыртқы үш фактордың әсерінен туындаған. Алғашқысы - Қазақстан экспорттайтын мұнай-газ бен металл бағасының арзандауы.

Екінші себеп - Ресейге салынған заңсыз санкция. Санкция БҰҰ-ның мақұлдауынсыз салынды. Бұлар әрине, көршіміз Ресейдің дамуына кедергі келтіріп отыр. Ресей - бізге көрші әрі біз үшін үлкен нарық. Қазақстан Ресеймен бірге Еуразия экономикалық одаққа мүше», деді біздің Президент.

Қазақстан қолға  алған жаңа реформалардың құрылымы мен ақырғы нәтижесінің қандай болады. Бұл тақырып  алыс-жақын шетел және көрші мемлекет сарапшыларын   қызықтырып отыр. 

Ресей телеарналары  біздің мемлекет қолға алған 5 ірі  реформаны қызу талқылауда.  Пікір әралуан. Осы аптада  Мемлекет басшысы «Россия 24» телеарнасының  журналистіне  сұхбат берді. 

Телеарна өкілі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің экономикалық мәселелерді қалай шешіп жатқаны, дамудың   Қазақстан таңдаған қадамдары несімен ұтымды. Осыны білмекке келген.  Президент біздегі  инфрақұрылымдық даму –  өсімді қамтамасыз ететінін айтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Инфрақұрылымды жаңғырту дегеніміз жол құрылысын ғана емес, мультипликативті әсер тудыруды да білдіреді:  Кәсіпорындар тапсырыспен қамтамасыз етіледі, жаңа елді мекендер пайда болады,  азаматтар жұмысқа және табыс көзіне ие болады, бюджетке түсім түседі. Бұл Қазақстанның экономикалық өсімін сақтауға мүмкіндік береді, деп сенеміз.

Ресей жағын көпвекторлы сыртқы саясат ұстанған Қазақстанның іргедегі екі көршіге қатысты ұстанымы да ойландырады.  Әсіресе, Қазақстан мен Қытай арасындағы алыс-беріс  теңгерімі  қандай болмақ  деген мәселе  тұр.

Жуырда Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасында бірлескен жаңа кәсіпорындар тізбегін   құру жоспарланып отырғанын  мәлімдеген еді. Елбасы айтты: «Қазақстан – Қытайдың  да, Ресейдің де әлеуетін белсенді түрде пайдаланады.    Және  Қытаймен арадағы саудада  Қазақстанның неге  екпін салып отырғанын» түсірдірді.

Еліміз өз аумағында автокөлік, теміржол бағыттарын ашу арқылы «Жібек жолы»  экономикалық белдеуіне қосылды. Бірақ, Қазақ экономикасындағы  Қытай ықпалының артуына байланысты  кейбіреулердің  қаупін  Елбасы  «фантомдық үрей», деді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мұндай пікір  Ресейде де бар, Қазақстанда да бар. Қытай  үлкен, халық саны көп. Бұл жай қорқыныш  қана. Қытайда инвестициялау мүмкіндігі бар.   Қазақстанның  бүгінде ҚХР-мен   үлкен келісімшарт жасаудың алдында тұр.

38  кәсіпорынның құрылысын салу жоспарланып отыр. Олардың 20-нан көбі жеке компаниялардың арасындағы келісімдар. Ресейдің Қытаймен бірлесіп мұнай-газ саласында, коммуникация құрылысында ірі жобаларды жүзеге асыруы Ресей экономикасына Азия өңірін қатыстыруға мүмкіндік беретінін, мұның да әрі қарай даму үшін оң серпінге ие болып отыр.

Ал,  Ресеймен арадағы сауда ауқымы біз үшін елеулі. Батыс елдері мен алып көрші арасындағы өзара санкциялардан Ресейге саудасы телулі біраз ел зардап шегіп отыр. Сондықтан, Елбасы Украина төңірегіндегі ахуалды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл жағдайда ел басшылары кездесе отырып, ымыраласу арқылы ортақ тіл таба алады. Шешілмейтін мәселе көріп тұрғаным жоқ. Мен қазір ресейлік те, украиналық та тараптың мәселені шешіп, пайда болған қарама-қайшылық түйінін тарқататын кезең жеткенін байқап отырмын.  Мұның тезірек болғаны керек, еуропалық көшбасшылар да осыны қалайды. Қазіргі уақыт осындай қадам үшін қолайлы.

Ал енді, Америка Құрама Штаттары хақында.  Дәлірек, АҚШ-тың – әлемге әмірін жүргіздіріп отырған  әйгілі  долларына қатысты  Нұрсұлтан Назарбаевтың  пікірі айқын. Жаһандық қаржы архитектурасы    ескірді.  Әлемдік резервтік валютаның бір эмитентке  ғана тәуелділігі өзге мемлекеттер үшін қашаннан қатерлі. 

Бүгінде  Латын Америкасы, араб әлемі өздерінің өңірлік валютасын енгізуге ұмтылуда. Мұны доллардың ықпалын азайтуға ұмтылыс, деп түсінген жөн. Ал,  Астана  экономикалық форум әлемдік институттар мен халықаралық ұйымдардың қаржы мәселесіне қатысты ортақ тіл табуы үшін жағдай жасап отыр. Және осы бағыттан таймайды.

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу