«Нұр-Мұқасан» дуэтінің құрылғанына 28 жыл: Топ неге бөлінді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр-Мұқасан» дуэтінің құрылғанына 28 жыл: Топ неге бөлінді?

08.06.2018

Мұқасан Шахзадаевтың төртінші ұлы дүниеге келді. Есімі – Әлишах. «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген әнші қуанышымен бөлісті. Сондай-ақ, бағдарламада «Өкпеле» атты жаңа әннің түсауын кесті.

Биыл «Нұр-Мұқасан» тобының құрылғанына 28 жыл толды. Топтың қазіргі жағдайымен Мұқасан былай бөлісті: «Нұрланмен қазір араласпаймыз. Бірақ, сәлемеміміз түзу. Бұл - өмір ғой».

Сонымен бірге, әнші әйгілі топтың қалай құрылғаны туралы айтып берді. «Таразда училищеде оқып жүрдім. Бірінші курстан кейін Шымкентке кеттім. Аттестатымды ғана алып, Әл-Фараби атындағы Шымкент педогогикалық мәдениет институтына тапсырдым. Онда нағашы әпкемнің үйінде тұрып оқыдым. Бірінші емтиханды тапсыратын кезде университет алдына барып домбырамды тартып отырдым, қарасам алдымда Нұрлан тұр. Дәл сол жерде Нұрлан екеуміз танысып, ол емтиханға кіріп шыққан соң: «Жатақханада қиын болса, менің қасымда тұр», деп өзіммен әпкемнің үйіне алып бардым. Әпкем мен жездем келісті. Екеуміздің бірлескен шығармашылық өміріміз содан басталып кетті»,-дейді.

 

Хабарламаларға жазылу