«Balkhash Tour Fest» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды
Қарағанды облысында өтіп жатқан «Balkhash Tour Fest» фестивалінің екінші күні экологиялық бастамаларға арналды. Шара аясында ұйымдастырылған Халықаралық волонтерлер форумының қатысушылары Балқаш көлінің жағалауын қоқыстан тазартып, «Таза Қазақстан» акциясын тиімді жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасты. Бұдан бөлек, ауқымды жиын барысында Қазақстанның жаңа рекорды тіркелді.
Асылбек Данияр, тілші:
Фестиваль аясында ұйымдастырылған Халықаралық волонтерлер форумына арнайы келген еріктілер «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты. Таң батысымен 120 волонтер көл жағасы мен шара өтіп жатқан аумақтан 1 тоннадан аса қоқыс жинады. Қатысушылардың арасында тек жергілікті емес 13 елден келген еріктілер де бар.
Ардана Мырзанова, облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары:
«Мөлдір бұлақ» акциясына қызықтыру үшін волонтерлер арасында белсенділікті арттыру үшін сыйлықтарды да қарастырған болатынбыз. Қай команданың қаптары көбірек болады, сол командаға кішігірім сыйлықтарымыз бар. Бұл жағажайдағы тазалық жұмысы еліміздің, қаламыздың, облысымыздың көркеюіне әсер етеді.
Сондай-ақ еріктілер кезекті форумда «Таза Қазақстан» акциясын ілгерілету бойынша жаңа идеяларын ортаға салып, пікір алмасты.
Асылбек Данияр, тілші:
Сонымен бірге, фестивальде Қазақстанның жаңа рекорды тіркелді. Үш бірдей кәсіпорын бірлесіп ең үлкен қазы бургерін дайындады. Оның салмағы 86 келіден асты. Бастапқы жоспар 75 келі болатын, десе де меже 11 келіге артық орындалды. Бұл нәтиже Қазақстан Киннес рекордтар кітабына енетін болды. Бұл Ұйым өкілі мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін ең үлкен бургер Шымкентте өткен гастро фестивальде тіркелген.
Аян Нұрбек, кәсіпкер:
Бұл бургердің құрамында тауық еті, сиыр еті және қазы. Аты ассарти бургер деп аталады. Рекордты қазір таратуға мүмкіндік болмағандықтан, жалпы біз өзіміз қайырымдылыққа бергіміз келіп отыр.
Асылбек Данияр, тілші:
Бұдан бөлек, фестивальдің екінші күнінде су спорты түрлерінен жарыс, балаларға арналған біраз бағдарлама өтті. Енді кешкі 9-да қонақтарды эстрада жұлдыздарының қатысуымен кезекті гала концерт және мерекелік отшашу күтіп тұр. Айта кетейік, биыл төртінші рет өткен «Balkhash Tour Fest» фестивалі «Таза Қазақстан» акциясы аясында және туризм саласын дамыту бойынша ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шара аясында құрылған инфрақұрылым бұзылмайды. Балқаштың жыл бойына туристер қабылдайтын дайын базасы болып қалады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық жас математиктер халықаралық олимпиадада топ жарды
20.06.2026, 20:09
Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығына - 5 жыл
20.06.2026, 20:08
5 мың сәбидің кіндігін кескен акушер
20.06.2026, 20:06
Қала тұрғындары медицина қызметкерлеріне алғыс айтты
20.06.2026, 20:05
Мемлекет басшысы жануарлар дүниесін қорғауды күшейтетін заңға қол қойды
20.06.2026, 20:05
Жылына 70 мың тонна шикізат өңдейтін кәсіпорын ашылды
20.06.2026, 20:05
Шымкентте 4 өндіріс орны ашылды
20.06.2026, 20:04
Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр
20.06.2026, 20:04