Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы жануарлар дүниесін қорғауды күшейтетін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жануарлар дүниесін қорғауды күшейтетін заңға қол қойды

Жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қолданылатын әкімшілік және қылмыстық шаралар қатаңдатылды. Мемлекет басшысы «Жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Жануарлар ресурстарын басқарудың жаңа моделі енгізіліп, оларды есепке алу процесі толық цифрландырылады. Әуесқойлық аң аулау кезінде түнгі жарық құралдарын және дрондарды пайдалануға тыйым салынады. Құстарды тоқ соғудан қорғау үшін электр желілерін арнайы құрылғылармен жабдықтау міндеттелді. Ал заң бұзушылар үшін жаза қатаңдатылды.

Олжабек Холов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:

Кейбір аң түрлері, яғни су құстары, үйрек, қаз, қасқалдақ деген құс түрлерінің санын нақты есепке алу мүмкін емес, саны өте көп. Сондықтан оны лимиттелмейтін аң түрлеріне жатқызылатын норма қабылданды. Және үй жануарларына қатыгездікпен қарағаны үшін жауапкершілік 5 АЕК мөлшерінде қазір көзделсе, жаңа заңмен 20 АЕК мөлшерге өсіп отыр.
Бөлісу