АҚШ-та қанатты зымыран сыналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қанатты зымыран сыналды

20.08.2019

АҚШ Ядролық күштер туралы келісімнен шыққалы алғаш рет 500 шақырымнан артық ұшатын алғашқы қанатты зымыранды сынақтан өткізді. Тәжірибе Калифорнияның Сан-Николас аралында жасалған.

Құрама Штаттар 1987 жылы Кеңес одағымен қол қойған Ядролық зымырандар туралы пәтуадан осы айдың басында бас тартты. Вашингтонның мәлімдеуінше, Америка мұндай қадамға Ресей сол келісімді бұзғаны үшін барып отыр. Алайда, Мәскеу 500 шақырымнан алыс қашықтыққа жететін қанатты ракета жасағаны жайлы ақпаратты үнемі жоққа шығарып келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу