Ресей мен АҚШ ядролық келісімнен шықпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен АҚШ ядролық келісімнен шықпақ

05.03.2019

Президент Владимир Путин Ресейдің 1987 жылы АҚШ-пен жасалған ядролық қару туралы келісімге қатысуын уақытша тоқтатты. Айта кетсек, Құрама Штаттар бұл пәтуадан бас тартатынын ақпанның 1-інде жариялады. Өйткені Вашингтонның мәлімдеуінше, Мәскеу 500 шақырымнан артық қашықтыққа ұшатын ракетаны құпия жасаған. Алайда, Кремль басшысы мұндай зымыран құрастыруға аталған келісім тыйым салмайтынын алға тарта отырып, Американы Румыния мен Польша жеріне қанатты ракета ұшыратын қондырғы орнатты деп айыптап отыр.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Кеңес одағы мен АҚШ Еуропаға орта қашықтыққа арналған ракеталарын орналастырды. Путин мен Трамп ядролық келісімнен біржола бас тартса, Қарт құрлықта сол зымырандық дағдарыс қайта басталады деген қауіп туындап отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу